Аудандағы жастардың қоғамдық бірлестігі құрамындағы волонтерлер пробация есебіндегі азаматтарға коронавирустық инфекциясынан қорғанудың шаралары жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тегін медициналық маскалар таратты.
- Қазір аудандық пробация қызметі есебінде 38 азамат тұр. Олардың арасында әлеуметтік жағдайы төмендер де бар. Сол азаматтарға медициналық маскалар таратқан белсенді волонтерларға алғыс айтамыз, - деді аудандық пробация қызметінің бастығы, әділет подполковнигі Ержан Әбілдаев.