Қоғам • 19 Наурыз, 2020

Еріктілер коммуналдық қызметкерлерге маскалар тігіп таратты

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы «Nur Otan» партиясының Алматы филиалы Facebook парақшасында жарияланды.

Еріктілер коммуналдық қызметкерлерге маскалар тігіп таратты

«Алматылық партияластар мен еріктілер коммуналдық сала қызметкерлеріне арнап көп рет қолдануға арналған бетперделер тікті.

Жоғары температурада зарарсыздандырылып, сарапшылардың зерттеуінен өткен бетперделер арнайы конвертке салынып жолданды.

Бұл айрықша акцияның бірінші күні партияның жастар қанаты волонтерлері жүзден астам қорғаныс құралдарын таратып үлгерді.

– Әрине, бұл теңізге тамған тамшы ғана. Бірақ бұл бастама арқылы біз бетперде дайындап шығарушыларды әлеуметтік жауапкершілікке шақырғымыз келді. Тым болмаса, әрбір тігін цехы тегін 50 бетперде тарататын болса, қоғамдағы сұраныс азаятын еді, - дейді идея авторы Бибинұр Шербаева.

Белсенділер бетперделердің сапасы жөнінде медицина қызметкерлерімен бірнеше рет кеңескендерін атап өтті. Бұл бетперделерді үш сағат пайдаланған соң жуып, бірнеше рет қайта пайдалануға болады. Ең бастысы жуғаннан кейін термиялық өңдеуден өткізу керек» делінген хабарламада.