2020 жылғы қаңтар-ақпан айларында республикалық бюджеттен мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 29 млрд теңге бөлінді.
2020 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны 523 115 адамды, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша – 164 191 адамды құрады.
2020 жылғы 1 наурызға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 43 940 теңгені, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша – 36 464 теңгені құрады.
Бұдан басқа, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан осы төлемдерді ала алады.
Бұл құқықты 2020 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша еңбек ету қабілетінен айырылған – 79 014 адам, асыраушысынан айырылған – 45 331 адам пайдаланды. Бұл ретте әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша – 24 804 теңгені, асыраушысынан айырылу бойынша – 24 881 теңгені құрады.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан осы әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруға барлығы 6,2 млрд теңге көзделді.