Аймақтар • 19 Наурыз, 2020

Инфекцияға қарсы дәрі-дәрмек қоры жеткілікті

519 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бақты мен Майқапшағай кеден бекеттерінде санитарлық-карантиндік посттар жұмыс істеп жатыр.

Инфекцияға қарсы дәрі-дәрмек қоры жеткілікті

Шығыс Қазақстанда коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда. Бүгінде облыстағы санитарлық қызмет үш бағытта жұмыс істеуде. Бірінші бағыт бойынша шетелден келген азаматтарға арнайы мониторинг жасалып отыр. Екінші бағытқа сәйкес Бақты мен Майқапшағай кеден бекеттерінде санитарлық-карантиндік посттар жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы аймақтық комуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау департаментінің басшысы Нұрланғазы Ибраев айтты. Брифингте басқарма басшысы коронавирустық инфекцияға қарсы дәрі-дәрмек қоры әзір тұрғанын атап өтті. Сондай-ақ стационарларда сақтық шараларын күшейту мақсатында инфекциялық төсектер дайын тұрғанын жеткізді. «Шығыс Қазақстан облысында коронавирустық инфекцияға шалдыққан науқастар тіркелген жоқ. Осы мақсатта жауапты сала мамандары тиісті жұмыстарды атқарып жатыр» деді Нұрланғазы Ибраев.

 ӨСКЕМЕН