Аймақтар • 19 Наурыз, 2020

«Оңтүстік» экономикалық аймағында індеттен қорғану бұйымдары шығарылуда

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін COVID-19 вирусының таралуына қарсы шұғыл әрекет ету штабының мүшелері қаламыздағы медициналық заттар шығаратын кәсіпорындардың жұмысымен танысты.

«Оңтүстік» экономикалық аймағында індеттен қорғану бұйымдары шығарылуда
Бүгінде қала аумағындағы киім тігетін фабрикалар шұғыл түрде дезинфекциялық заттар шығаратын кәсіпорынға айналды.
 
Қала мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараев, депутат Ермек Дәрменов пен  «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев режимдік жұмыс барысында бетперде мен дизинфекциялық заттар шығаратын бес  кәсіпорындарды аралап, қолдау қажет етіп отырған мекемелердің қаржы немесе құжат рәсімдеу мәселелерінің шешу жолдарын қарастырды.
 
Қазіргі таңда «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «АГФ групп» ЖШС кәсіпорны күніне 5000 жуық антиаллергенді маска тігіп, тұрғындарды бетперделермен қамтуды қолға алды. «Экофарм» ЖШС 1,5 млн медициналық маскаға жететін шикізатпен  қамтамасыз етуге дайын, «ALATEX» фабрикасының өкілдері 70 жуық жұмысшымен күніне 100 мыңға дейін маска тігіп шығаруға күш қуаты жететінін жеткізді.
 
Сондай-ақ, антисептик шығаратын кәсіпорын да өз өнімдерінің мөлшерін арттырып жатыр. Бүгін-ертең дәріханаларға түсетін көп реттік маскалардың  қолжетімділігі мен бағасы бақылауға алынады.
 
Шымкент