24 Тамыз, 2013

Тұлғаны танып болдық па?

449 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін

Мұстафа 1891 жылдың 7 қаңтарында қазіргі Қызылорда қаласына жақын жердегі Әулие тораңғыл (Наршоқы деп те аталады) деген жерде дүниеге келген. Ол Шоқайдан туған үш баланың (Сыздық, Мұстафа, Нұртаза) ортаншысы.

Мұстафаның үлкен атасы Тор­ғай Сыр өңірінде өте беделді адам болған. Бұл өңірді Қоқан хан­дығы билеген кезде Торғай датқа дәрежесіне көтерілген. Ал өз әкесі Шоқай (Шоқмұхаммед) 1916 жылы сексен жасында дүние салған.

ХІХ ғасырдың сексенінші жылдарында Торғай датқаның үшінші баласы Әліш (Әлмұхамед) патша өкіметінен мұсылманша мектеп ашуға рұқсат алады. Өкінішке қарай, Сырдарияның суы қатты тасығанда 1890 жылы мектеп құлап, оны Тақыркөл деген жерден 1896 жылы екінші рет салдыруға мәжбүр болады. Алты жасар Мұстафа өз ағасы Сыздық, немерелес ағасы Бәкірмен сол мектепте оқиды. «Әліш мектебі» деп аталған төрт кластық мектептің орны күні бүгінге дейін сақталған.

Мұстафа Петербург универ­ситетінің заң факультетін үздік бітіріп шыға салысымен жалғыз Қазақстан емес, бүкіл байтақ Түр­кістан өлкесін отарлық бұғаудан азат ету жолында қызмет істеді. Мұстафаның ерекшелігі де осында. Тіпті университетте оқып жүр­геннің өзінде ұлт-азаттық мәсе­лесімен шұғылданған. 1912 жылы Түрік-Балқан соғысы кезінде де өз қандастарының жағында болды.

Мұстафа 1891 жылдың 7 қаңтарында қазіргі Қызылорда қаласына жақын жердегі Әулие тораңғыл (Наршоқы деп те аталады) деген жерде дүниеге келген. Ол Шоқайдан туған үш баланың (Сыздық, Мұстафа, Нұртаза) ортаншысы.

Мұстафаның үлкен атасы Тор­ғай Сыр өңірінде өте беделді адам болған. Бұл өңірді Қоқан хан­дығы билеген кезде Торғай датқа дәрежесіне көтерілген. Ал өз әкесі Шоқай (Шоқмұхаммед) 1916 жылы сексен жасында дүние салған.

ХІХ ғасырдың сексенінші жылдарында Торғай датқаның үшінші баласы Әліш (Әлмұхамед) патша өкіметінен мұсылманша мектеп ашуға рұқсат алады. Өкінішке қарай, Сырдарияның суы қатты тасығанда 1890 жылы мектеп құлап, оны Тақыркөл деген жерден 1896 жылы екінші рет салдыруға мәжбүр болады. Алты жасар Мұстафа өз ағасы Сыздық, немерелес ағасы Бәкірмен сол мектепте оқиды. «Әліш мектебі» деп аталған төрт кластық мектептің орны күні бүгінге дейін сақталған.

Мұстафа Петербург универ­ситетінің заң факультетін үздік бітіріп шыға салысымен жалғыз Қазақстан емес, бүкіл байтақ Түр­кістан өлкесін отарлық бұғаудан азат ету жолында қызмет істеді. Мұстафаның ерекшелігі де осында. Тіпті университетте оқып жүр­геннің өзінде ұлт-азаттық мәсе­лесімен шұғылданған. 1912 жылы Түрік-Балқан соғысы кезінде де өз қандастарының жағында болды.

Кейбір зерттеушілер Мұстафа Алаш­орданың алғашқы көсе­мі еді дегенді айтып жүр. Бұл шындыққа жанаспайды. Ол Алаш­ордаға басшылық жаса­ған жоқ және оның басшыларымен бірлесіп жұмыс істеген де емес. Егер Алашорда партия­сы өз жұмысын Қазақстан көле­мінде жүргізсе, Мұстафа өз идеяларын олардан гөрі кеңірек – бүкіл түрік әлемінде іске асыруға ұмтылыс жасады. Соған қарамастан Петербургте оқып жүрген кезінде Сералы Лапин, Әлихан Бөкейханов (Мемлекеттік Думаның мүшесі), Махмұдхожа Векбуди, Мінәубір-қари және Ахмет Байтұрсынұлы сияқты азаттық күресінің өкілдерімен Мұстафаның тығыз байланыста болғаны белгілі.

Бір кезде Украинаның сыртқы істер министрі болған профессор А. Шульгин ол туралы былай деп жазды: «Мустафу-бия без Туркестана невозможно мыс­лить, настолько в каждом его слове и жесте чувствовался тур­кестанец... Высокая гуманность, доброта сердца, верность в друж­бе, верность раз данному чер­­ты, которыми характеризовали Мустафу-бия». Бұрынғы Мем­лекеттік Думаның мүшесі, Грузия сыртқы істер министрі А. Чхениелидің лебізі: «Я знал Мус­тафу немного, со слов нашего Кар­ла (Н.С.Чхеидзе), выступавшего в Государственной Думе по внутренной политике. Мустафа был еще совсем молодой студент, но по всему было видно, что без него, секретаря, мусульманская фракция Государственной Думы едва ли пошла далеко».

Әрине, Мұстафаның өмірі тақтайдай тегіс болған жоқ. Ол мұқтаждықты да көп көрді. Бұл туралы оның жұбайы Мария Яковлевна өз естеліктерінде Мұс­та­фаның қирап қалған будканы өз қолымен жөндеп «Орыс рестораны» деп жазып қойғанын, оған орыс эмигранттарының қаптап келетіндерін, соның арқасында «официант Мұстафа» қағаз, қалам сатып алуға жетерліктей ақша тапқанын, осыдан соң үлкен-үлкен мақалалар жазуға кіріскенін тілге тиек етеді.

Мұстафаның абыройы мен ықпалы тек өз жолдастары мен достары арасында ғана емес, ха­лық­аралық дәрежеде де жоғары болғанын атақты грузин ақыны Илья Чавчавадзенің шөбересі Тамара Владимировнаның (әке­сі Владимир Чавчавадзе Мұс­тафаның айрықша досы болған) мына сөздерінен аңғаруға болады: «Менің кішкентай бала күнімде, дәлірек айтқанда, 1927 жылы, Мұстафаға байланыс­ты бір оқиға болды. Англияның премьер-министрі Чемберлен сол жолы өздерінің бір съезіне Мұс­тафаны арнайы шақырды. Ұлы адамды сол сапарына шы­ғарып салуға күллі Парижде тұратын Ресейден келген эмигранттар түгел барды. Орыстар, украиндықтар, белорустар, грузиндер мен армяндар, татарлар мен башқұрттар, түркістандықтар мен дағыстандықтар – бәрі-бәрі Мұстафаны Лондонға баратын кемеге дейін шығарып салды. Әр халық өзінің туын көтеріп, Мұстафаны ұлы сапарға аттандырды».

Міне, Сыр бойында туып, бүкіл әлемге қазақ халқының атын мәшһүр еткен асыл азамат туралы оны білетіндердің пікірлері осындай. Енді кішкене шегініс жасап, Мұстафаның қоғамдық-саяси қызметіне назар аударайық.

Мұстафаның негізгі мақсаты – Ресей территориясында тұратын барлық түрік ұрпақтарын бірік­тіру, «Үлкен Түркістан» ода­ғын құру болды. Осы себепті Петер­бург университетін бітіре сала ол 1916 жылы Қазан қаласына келіп, «Түркістан бірлестігі» деп аталатын жасырын ұйым аша­ды. Бұл ұйымның алғашқы бас­шылығы екі татар, екі қазақ, бір башқұрттан – барлығы 5 адамнан тұрады. Олардың ішінде татар Сұлтанғалиев, қазақтан өзі (М.Шоқай) және Мұхамеджан Тынышпаев, башқұрт профессоры Ахмет Зәки Уәлиди болды. Олар ұйымды басқаруды Мұстафаға тапсырды. Жұмыс құпия жүргізілді. Омбы қаласының бір банкісінде бұлардың қаржысы сақталды. 1918 жылы Мұстафа осы қаржыны түгелдей алып кетуге барғанда, Колчактың баскесерлері «Ресей империясының қас дұшпаны» ретінде оны абақтыға жапты. Өлім жазасына да кесілді. Дегенмен, түрмедегі адамдарды пойыз вагондарына тығып, Щадринск қаласының түрмесіне апара жатқанда тұтқындар вагондарды талқандап, қашуға мүмкіншілік алды. Солармен бірге Мұстафа да құтылып кетеді.

Осыдан кейін Мұстафа Орта Азияға сапар шегеді. Осындағы отандастарымен қосылып, болашақ Түркістан одағын құру бағытында жұмыс жүргізеді.

1917 жылдың сәуір айы­ның басында Ташкентте Түркіс­тан мұсылмандарының І құ­рыл­тайы, қыста Орынборда І қа­зақ құрылтайы болды. Таш­кентте құрылған мұсылман депу­таттарының орталық кеңесін Мұстафа Шоқай, ал Қазақстанда Әлихан Бөкейханов басқарды. Қыркүйек айынан бас­тап саяси партиялар өмірге келіп жатты.

Кешікпей Қоқан (Түркістан) автономия­сы жарияланып, әуел­­де оның басшысы болып Мұ­хамеджан Тынышпаев, ке­йін Мұстафа Шоқай сайланады. Алайда, 1918 жылдың ақпан айының басында большевиктер Қоқан қаласындағы автономиялық өкіметті озбырлықпен құлатты. Түркістан түгел большевиктердің қолына өтті. Жағдай кеңестердің пайдасына өзгере бастады. Сон­дықтан Түркістан проблемасын Еуропаға, әлемге түсіндіру үшін Мұстафа Шоқайды шетелге жіберу ұйғарылды. Демек, бүгінде кейбіреулердің ойлап жүргеніндей, Мұстафа шетке бас сауғалап қашқан жоқ, керісінше, арнаулы тапсырмамен Түркістан үшін күресті жалғастыру мақсатымен кетті. Батуми арқылы Түркияға өтіп, Парижге қоныс тепті. Өзі Парижде тұрғанмен, 1929 жылдан бастап Берлинде шығатын «Яш Түркістан» журналына жетекшілік етті. Журнал шағатай тілінде басылды. 1939 жылдың тамыз айына дейін журналдың 117 саны жарық көрді. Ондағы жарияланған Мұстафа Шоқай мақалаларының тақырыптары сан алуан. Барлығы, сайып келгенде, ұлттық тәуелсіздік пен түрік халықтарының бірлігіне келіп тіреледі. Оларда түрікшілдік идеясы уағыздалды. Мұстафа Шоқай бір мақаласында былай деп жазған: «Халықты ұлт деңгейіне көтеру, яғни жері, суы, қазынасы тілі мен діні бір болған халық бұқарасын бірлестіріп, олардың санасын біртұтас, саяси, әлеуметтік, ұлттық санаға жеткізу – ұлы тарихи міндеттің маңызды бір бөлігі».

Оның 1936 жылғы «Түркістан жастарына» деген үндеуі де осындай идеяларға толы: «Бүгін Қазақстан, Өзбек­стан, Қыр­ғызстан, Қарақалпақстан, Түркі­мен­стан һәм Тәжікстан деп жат үкімет кү­шін алты жұмһириетке бөліп тұрған Түр­кістан – бөлінбес, айырылмас бір өлке. Халқының қа­ны бір, діні бір, мақсаты бір. Түркістанның мақсаты – өзінің құтылысы – миллет үкіметін құ­рып, дербес боп, өз алдына бір үкімет болып тұру. Халқы көптен бұл жұмысқа алысып, шалысып, қан төгіп, соғысып келеді. Үмітіміз зор, мемлекетіміздің болашағына илан