Бүгінде Жамбыл облысы Полиция департаментінің жеке құрамы қызмет атқарудың ерекше тәртібіне ауыстырылды. Сондай-ақ, жамбылдық полицейлер рейдке шығып, шектеудің орындалуын тексерді.
«Кешкі-түнгі рейд барысында біздің қызметкерлер облыстың 413 мекемесіне барды. Олардың 176-сы енгізілген төтенше жағдай режиміне қарамастан өз жұмысын жалғастырған. Аталған мекемелердің әкімшілігімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оның барысында Қазақстан Республикасы Әкімшілік-құқықбұзушылық туралы Кодексінің 476-бабының талаптары таныстырылды», дейді Жамбыл облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Темірбек Оразымбетов.
Полиция департаменті мамандарының хабарлауынша, тексеру барысында полиция қызметкерлері облыс орталығының кафе-барларының бірінің әкімшілігіне қатысты әкімшілік хаттама толтырған. Себебі, онда түнгі сағат 22.00-ден кейін де 50-ден астам адам болған.
Жамбыл облысы