Қазақстан • 19 Наурыз, 2020

Кедендік тексерулерді жүргізу бойынша жекелеген шектеулер енгізілді

93 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл шаралары аясында және қауіпсіздіктің күшейтілген режиміне көшкендіктен кедендік тексерістер бойынша келесі шаралар тоқтатылды. Бұл туралы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кедендік тексерулерді жүргізу бойынша жекелеген шектеулер енгізілді

1) Кедендік тексеріс құжаттарын және кедендік құжаттар мен мәліметтерін беру (тексеріс актілері, хабарламалар, талап қою) тоқтатылды;

2) Тағайындалған көшпелі кедендік тексерістер, бірақ 2020 жылғы 16 наурыз күні күйінде басталмаған тексерістер тоқтатылды;

3) Көшпелі кедендік тексерісті тағайындауды Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық Кодексімен көрсетілген («Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 418-бабы 10-тармағы 10 тармақшасына  сай) жағдайлардан басқа тоқтатылды;

4) Мемлекеттік кірістер органдары мен декларант арасындағы ҚР Кодексінің 26 және 65 баптарына сай және Қазақстан Республикасының ҚМ 2018 жылғы 23-ақпанындағы №264 «Консультациялар жүргізу қағидаларын және мерзімін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес консультация жүргізу  сұрақтары бойынша  азаматтарды қабылдау тоқтатылды;

5) Шет ел тауарларын қолдану бойынша есептілік табыстау уақыты өзгертілді, онын ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2018 жылғы 15 наурыздағы №367 бұйрығымен бекітілген ЕАЭО СЭҚ ТН белгіленгеннен төмен мөлшерде әкелінген кедендік баждар қолданылған тауарлар үшін есептілікті тоқсаннан жарты жылдықта бір рет келесі айдың 10-на дейінге өзгертілді.