Аймақтар • 19 Наурыз, 2020

Қызылорда: Ауданда әлеуметтік нысандар дезинфекцияланды

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қазалы ауданындағы әлеуметтік нысандарға дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.   

Қызылорда: Ауданда әлеуметтік нысандар дезинфекцияланды

Түскі үзіліс кезінде мамандар халыққа қызмет көрсету орталығын дезинфекциялады. Инфекциялық аурулардың таралмауын көздеген шара Қ.Пірімов көшесіндегі спорт кешенінде, Жанқожа батыр және Қожаназар ишан мешітінде жалғасты.  

Осы күні Біржан сал көшесіндегі жатақхана, «Жалаңтөс баһадүр» атындағы орталық стадион, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің ғимараттарында да санитарлық шаралар жасалды.