Қазақстан • 19 Наурыз, 2020

Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауа райының нашарлауына байланысты 20 наурызға үш өңірде ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Ақмола облысының кей жерлерінде тұман сақталады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, оның екпіні 15-20 м/с жетеді.

Нұр-Сұлтан қаласында түнде және таңертең тұман сақталады.

Қостанай облысының кей жерлерінде де тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерінде 15-20 м/с артады.