24 Тамыз, 2013

Тұтынушыға тоқтаусыз жеткізілмек

240 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Аграршылардың болжамынша, Ақмола алқаптарының берекесі биыл да молынан болмақ. Ендігі міндет маңдай термен жиналатын астықтың қозғалысын қадағалап, оны тұтынушыға тоқтаусыз жет­кізу екендігі белгілі. Бұл орайда те­мір­жолшылар атқарар шаруа өте жауапты. Өйткені, ТМД елдерінде, Еуроодақта, Таяу Шығыс пен Ор­та­лық Азияда Ақмола астығына сұ­раныс жоғары.

Аграршылардың болжамынша, Ақмола алқаптарының берекесі биыл да молынан болмақ. Ендігі міндет маңдай термен жиналатын астықтың қозғалысын қадағалап, оны тұтынушыға тоқтаусыз жет­кізу екендігі белгілі. Бұл орайда те­мір­жолшылар атқарар шаруа өте жауапты. Өйткені, ТМД елдерінде, Еуроодақта, Таяу Шығыс пен Ор­та­лық Азияда Ақмола астығына сұ­раныс жоғары.

«Қазақстан темір жолы» АҚ-тың Ақмола бөлімшесінен алынған деректер бойынша, облыс аумағында 30 астық тиеу-түсіру стансасы, оның ішінде тұйық жолмен байланысатын 23 элеватор мен 20 астық қабылдау кәсіпорны бар. Бұлардың қатарында Ақкөл, Макинка, Бу­рабай курорты, Қырықыншы, Азат, Жақсы, Атбасар, Жалтыр, Ер­кіншілік стансалары анағұрлым ірілер қатарына жатады. Сондай-ақ, «АПК-Инвест», «Грейн Трейд», «Қазақстандық Астық компания­сы», «ҚазЭкспортАстық», «Ви­тал­мар», «АгроСтарГрейн», «Азия АгроФуд» жауапкершілігі шектеулі се­рік­тестіктері тұрақты астық жө­нел­ту­шілер санатында болса, «ТНК Аг­рофирмасы», «Колутон», «Ин­тер Трайд», «Бава», «Гресса», «Ли­мар Агро» серіктестіктері сыртқа ұн шыға­руда табысты жұмыс істеуде.

Таяуда облыс әкімінің бі­рін­ші орынбасары Рашит Әкімов өт­­кіз­ген мәжілісте аталған кә­сіп­­орын­дардың барлығы астық қабылдауға 100 пайыз дайын екендігі айтылды. Әйткенмен, қолда бар астықтың қозғалысы тоқтаусыз жүргізілуі керек. Өйткені, қоймалардың жалпы сыйымдылығы 3,5 миллион тонна, ал күз ырыздығы 5 миллион тон­надан асады деп күтілуде.

Бұл орайда, ақмолалық темір­жол­шыларға ырзалық білдіруге болатындай. Биылғы 7 айдың өзін­де 19639 вагон тиеліп, 1320513 тон­на астық тасымалданыпты. Оның ішінде ішкі рынокқа 490196 тонна, экспортқа 830317 тонна ба­ғалы өнім жөнелтілген. Осы орайда, Ақтау порты арқылы Иранға 63441 тонна астық жеткізілгенін бөлектеп айтуға болады. Мұндағы негізгі үлес «ҚазТемірТранс» АҚ-тың вагон паркіне тиесілі.

Теміржолшылар биылғы ас­тық тасымалына 7476 вагонды тұ­рақ­ты түрде сапарға шығарып отыр­мақ. Мұның 1361-і 2012-2013 жылдары сатып алынған вагондар. Бұған қосымша, «Қа­зақ­стан темір жолы» АҚ Ресей­дің «Русагротранс» ЖАҚ, «Тех­нотранс» ААҚ, Орта Азия мем­ле­кеттерінің, Әзербайжан мен Грузияның вагондарын пайдалану жөнінде келіссөз жүргізді. Сондай-ақ, ел аумағында жаңа темір жол тармақтарының іске қо­сылуы және тарифтердің ана­ғұр­лым төмендегені ортақ іске серпін беретіні анық.

Бақберген АМАЛБЕК,

«Егемен Қазақстан».

Ақмола облысы.