Елбасы • 20 Наурыз, 2020

Н.Назарбаев Президент пен Үкімет енгізген шараларды қолдауға шақырды

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пандемияға қатысты Қазақстан халқына жасаған үндеуінде іске асырылып жатқан шараларды қолдауға шақырды.

Н.Назарбаев Президент пен Үкімет енгізген шараларды қолдауға шақырды

«Шешу жолдарын табу тұрғысынан күрделі болып отырған қазіргі ахуал бір жағынан 1990-шы жылдардың басындағы жағдайға ұқсайды. Ол кезде біз шын мәнінде өте қиын жағдайда болған едік»,- деді еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев.

Елбасы осындай ауыр кезеңде барлық қазақстандықтарды ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үкімет тарапынан іске асырылып жатқан шұғыл шараларды қолдауға шақырды.

«Ел билігі коронавирустан қорғану үшін оның алдын алуға бағытталған кешенді шаралар қабылдады. Бұл ретте төтенше жағдайдың жариялануы – маңызды және қажетті қадам. Ондағы мақсат – біздің азаматтарымыз бен мемлекетіміздің мүддесін қорғау»,- деді Елбасы.