24 Тамыз, 2013

Ақпараттар ағыны

257 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

*Еліміздің егін алқаптарында биылғы астықтың үштен бірі жиналды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының 22 тамыздағы деректері бойынша, егіншілер 916,3 мың га. дәнді дақылды алқапты орып бастырған. Бұдан 1411,7 мың тонна астық алынып, орташа өнімділік гектарына 15,4 центнерді құрап отыр.

*Еліміздің егін алқаптарында биылғы астықтың үштен бірі жиналды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының 22 тамыздағы деректері бойынша, егіншілер 916,3 мың га. дәнді дақылды алқапты орып бастырған. Бұдан 1411,7 мың тонна астық алынып, орташа өнімділік гектарына 15,4 центнерді құрап отыр.

* Қарағандыда Шахтер күні қар­саң­ында «Үздік көркейтуші бизнес-ны­сан» конкурсының қорытындысы шыға­ры­лады. Оған қатысушы 14 үміткер кеншілер қаласын көріктендіруге ерекше үлес қосып жүрген компаниялар арасынан іріктеліп алынды.

* Таяу аралықта Оңтүстік Қазақстан об­лысының Отырар ауданында күн батареялары шығарыла бастайды. Шым­кент­те өткен инвестициялық көрмеде оны сатып алуға ниеттілер көп болды. Ал мамандар 4 жылға арналған 20 мегаваттық жобаның осы аралықта өзін өзі толық ақтайтынына сенімді.

* Шығыс Қазақстандағы Шемонаиха ауданында соңғы 30 жылда бірінші мәрте 30 пәтерлі үй салынып, пайдалануға бе­ріл­гелі тұр. Мұнда бұдан басқа, алғаш рет қазақ тіліндегі 320 орындық мектеп пен 100 орындық интернат бой түзейтін болады. Ау­данның құрылыс саласындағы осындай зор өрлеуге сүйсінген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «аймақтағы барлық ауылдар мен аудандардың осылайша жұмыс істеулері керек» екенін атап өтті.

* Биыл 195 жылдығын тойлайтын Қы­зылорда қаласында сол мерзімге дейін 23 ойын-спорт алаңы қатарға қосылады. Шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаев облыс орталығында таяуда ғана 42 аула мен 27 ал­лея­ның абаттандыру үдерісінен өткенін мә­лімдеді.

*Алматыда №162 мектеп-гимназияның директоры пара алу үстінде қолға түсті. Білім ошағын 5 жыл басқарған бас педагог ба­ла­сы мен немересін осындағы 1-сыныпқа бергісі келген ата-анадан 400 доллар талап еткен екен.

* Жамбыл облысында соңғы 20 жылда бірінші рет сексеуіл отағандар сотталды. Мойынқұм ауданының 3 тұрғыны осы үшін 1 жылға бас бостандықтарынан айырылды, сот шешімімен олардан КамАЗ, УАЗ машиналары мен «Урал» мотоциклі, сондай-ақ, 9,2 текше метр сексеуіл тәркіленіп алынды.

«ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.