24 Тамыз, 2013

Қызылордада топтасып қыздар зорлағандар сотталды

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада мектеп жасын­дағы екі қызды еркінен тыс жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлегендерге сот үкімі шықты. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылордада мектеп жасын­дағы екі қызды еркінен тыс жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлегендерге сот үкімі шықты. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

«Үш жігіт екі қызды Жеңіс күні мерекесін бірге тойламақшы болып, Сырдария өзенінің жағалауына демалуға шақырады. Екі қыздың бірі әлгі үш жігіттің біреуімен кейінгі екі айдың көлемінде танысып, кездесіп жүріпті, – дейді облыстық соттың баспасөз хатшысы Ардақ Смағамбетова. – Бұрыннан таныс қыз бен жігіт топтан бөлініп, жеке кеткен кезде автокөлік ішінде отырған екінші қызды масайып алған үш жігіттің бірі зорлаған. Жағдай мұнымен ғана шектелмейді, енді үш жігіт, яғни 21, 23, 24 жастағы Темірлан, Серік, Марат әлгі екі қызды, яғни, 9 және 11-сынып оқушылары Айнұр мен Арайлымды кезектесіп зорлаған. Оқиға орнында бұларды өз көлігімен алып келген Жарас деген жігіт те болады. Ол қыздарға тиіспеген, бірақ араша да түспеген», – делінген хабарламада.

Сонымен, қылмысты бастаған жігіт 12 жылғы кесілді. Ол қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде отырады. Екіншісі 8 жыл темір тордың арғы жағында болып, жазасын жалпы режімдегі түрмеде өтейді. Ал үшінші жігітті 1 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қайрат ҚОЖАНАЗАР.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:15

Бұйырғаны – жеті жүлде

Күрес • Бүгін, 09:05

Өнер көгіндегі ақиық

Тұлға • Бүгін, 08:55

Қайталап оқу терапиясы

Руханият • Бүгін, 08:50