Коронавирус • 20 Наурыз, 2020

Індет жұқтырғандардың кімдер екені анықталды

1949 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы өкілі Диас Ахметшәріп коронавирус індетін жұқтырған 5 адамның кімдер екенін айтып берді.

Індет жұқтырғандардың кімдер екені анықталды

Қарағанды қаласында коронавирус жұқтырған екі адам тіркелді. Олар 1972 және 1971 жылы туған Қазақстан азаматтары.  Екеуі де 0324 рейсімен Минск-Қарағанды  ұшағымен ұшып келген. Сол сияқты Алматы қаласы бойынша 3 адам тіркелді. Оның біріншісі Берлин қаласынан ұшып келген 1979 жылғы әйел адам. Екінші азамат 1997 жылы туылған ер адам, Франциядан ұшып келді. Сондай-ақ үшінші науқас 1982 жылғы әйел адам. Қазір  барлығының денсаулықтары жақсы.

Осы сағатта Алматы қаласында – 22 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 25 адам, Қарағанды қаласында - 2 адам, жалпы 49 науқас тіркелді. Қайтыс болғандар жоқ.