24 Тамыз, 2013

Жауынгерлік іс-қимыл жасауға дағдыланды

425 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің құрамалары мен бөлімдерінде взвод­тар­дың жауынгерлік жат­тығуларға төселуі жөніндегі шаралар мәресіне жетпек, деп хабарлады Қорғаныс ми­нистрлігінің баспасөз қызметі.

Взводтардың жауынгерлік жаттығуларға төселуі жөніндегі шараларды өткізу мотоатқыш, барлаушы, танктік, десанттық шабуылдаушы, зениттік-ракеталық взводтарға арнайы жасалған тақырыптар бойынша жүзеге асырылды. Жеке құрамға әртүрлі жағдайларда ұрыс қимылдарын оқытып-үйрету мақсатында сабақтар қарастырылды.

Жауынгерлік әзірлік бойынша өткізілген шаралардың негізгі ерекшеліктерінің бірі – Аэроұтқыр әскерлері взводтары үшін тактикалық және әуе десантын түсіру болып табылды.

Құрлық әскерлерінің құрама­лары мен бөлімдерінде өткізілген жаттығуларға төселу жөніндегі шаралардың қорытындысында жеке құрам взвод құрамында ұрыс қимылдарын жүргізуде мол тәжірибе жинақтады. Үйренуші әскери қызметшілер ұрыс кезіне жақындатылған жағдайда әрекет етіп, ұрыс даласында өзара іс-қимыл жасауға дағдыланды. Бұл кез келген тапсырманы орындаудың негізі болып санала­ды.