Коронавирус • 20 Наурыз, 2020

Қазақстанда вирустан көз жұмғандар жоқ - Ералы Тоғжанов

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкіметте өтіп жатқан брифингте кейбір дереккөзде көрсетілген қаза болғандар туралы ақпаратты жоққа шығарды. 

Қазақстанда вирустан көз жұмғандар жоқ - Ералы Тоғжанов

«Коронавирус инфекциясы әлемнің 160 еліне тарағаны белгілі. Елімізде 49 жағдай тіркелді. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 25, Алматы қаласы бойынша – 22, Қарағанды облысында 2 науқас анықталды. Бүгін кейбір ақпарат көздерінде өлім туралы мәлімет кездесті. Қазір шегелеп айтқым келеді, республикада ешқандай өлім жағдайы жоқ»,- деді Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов.

Сондай-ақ ол елде қабылданған шаралар вирустың еліміздің өңірлеріне тарап кетуін тоқтату үшін жасалып жатқанын атап өтті.