Акцияға Jas Otan жастар қанатының еріктілерінен жасақталған шағын топтар, кәсіпкерлер өз үлестерін қосты. Жалпы шара аясында өңірдегі 1150-ге жуық тұрғынға қолдау көрсетілмек.
Жалпы, атап өту керек, партия Төрағасының тапсырмасына орай, партияның «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» жобалары аясында жоғарыда аталған қалалардағы ағайынға атаулы көмек көрсету үшін 150 млн теңге бағытталды, Сонымен қатар партияның орталық аппараты мен барлық филиал қызметкерлері қосымша көмек ретінде өздерінің бір күндік жалақыларын аударды.
Коронавирустың таралуына жол бермеуге бағытталған шектеу шараларын енгізуге байланысты азаматтарды жеке қабылдау жұмыстары уақытша тоқтады. Бүгінде азаматтарды қабылдау жұмыстары Сall-орталықтар мен партияның онлайн-сервистері қызметі арқылы жүргізілуде.