Экономика • 20 Наурыз, 2020

Urals мұнай маркасының құны барреліне 18, 64 долларға төмендеді

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Экономикасы қара алтынмен тығыз байланысты көршіміз орыс халқы да әбігерге түсіп жатыр. Ресейлік Urals мұнай маркасының құны барреліне 18,64 долларға төмендеді. Мұндай жағдай осыдан 18 жыл бұрын ақпан айында тіркелген еді.

Urals мұнай маркасының құны барреліне 18, 64 долларға төмендеді

Бағаның құлдырауына коронавирус кінәлі. Бүгінгі таңда Ресей мен Сауд Арабия арасындағы баға соғысы бәсеңдемей тұр. Тек Сауд Арабиясы сәуір айында нарыққа қосымша үш миллион баррель шығарды. Сондай-ақ Ирак, Кувейт, Біріккен Араб Әмірліктері мен Нигерия сұранысты ұлғайтпақ.

Өткен аптада Қаржы министрі Антон Силуанов мұнай мен газ кірістерінің жоспарланған мәннен екі триллион рубльге қысқаруынан биылғы Ресей бюджетінің шығыны шаш-етектен екінін айтқан болатын. Жағдайдың мәз еместігі содан-ақ аңғарылған еді.

Көршіміздің қазіргі бағамдағы шығыны үш триллион рубльді құрайды. Бұл жалпы бюджеттің 15 пайызы десек те болады. Кеше ғана Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков БАҚ өкілдеріне мұнай бағасын ауыздықтаудың амалын қарастырып жатқанын мәлімдеген болатын.

 

Мұхтар КҮМІСБЕК,

«Egemen Qazaqstan»