Қызылорда теміржолына күнделікті 4,5-5 мың адам келеді. Оған арлы-берлі өтіп жатқан мыңдаған жолаушыны және қосыңыз. Бірақ, осынша халық шоғырланатын нысанда санитарлық талаптың орындалуы ойдан шығып тұрған жоқ.
Мысалы, вокзал ғимаратына қойылған антисептиктер жеткіліксіз. Билет кассаларының алды адам нөпірінен үзілмейді. Қала әкімі осыған байланысты вокзал басшылығына тапсырма берді. Ең әуелі, ғимарат ішінде дезинфекциялық жабдықтарды көбейту керек, сосын жолаушылардың касса сататын залға біртіндеп кіруін қадағалаған жөн. Қалған адамдардың сыртта күте тұрғаны дұрыс. Қала басшысы перронды да ұдайы таза ұстауды тапсырды.
- Теміржол вокзалы қаланың қақпасы саналады. Сырттан келген жұрт қала тазалығына вокзалға қарап, баға беріп кетеді. Теміржолдың қала аумағындағы бөлігінің бойын таза ұстау да естен екі елі шықпау керек, – деді қала басшысы.
Осындай талаптар автовокзал мен әуежай ғимараттарына да қатысты айтылды.