Коронавирус • 20 Наурыз, 2020

Шымкентте төтенше жағдайға байланысты сақтық шаралары қолға алынды

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласындағы барлық мекемелер мен базарларда, мешіттерде, аялдамаларда, көп қабатты үйлер маңындағы қоқыс жәшіктеріне  коронавирустың алдын алу бойынша қажетті дезинфекциялық шаралар жүргізіліп, ғимарттың іші мен сырты толығымен залалсыздандырылуда.

Шымкентте төтенше жағдайға байланысты сақтық шаралары қолға алынды

Халық көп шоғырланатын қоғамдық орындардың қауіпсіздігі жіті бақыланып, қатерлі дерттен сақтану шаралары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Сақтық шараларын күшейту бойынша атқарылып жатқан барлық жұмыс қала әкімінің жеке бақылауында.

Сонымен қатар, Шымкенттегі қоғамдық көліктер мен қалааралық бағытта қатынайтын автобустарда санитарлық алдын алу шаралары жүргізілуде. Қаладағы барлық жолаушылар көлігіне әр айналым сайын дезинфекция жасалуда. 

Шымкент