Қоғам • 20 Наурыз, 2020

Бақылау өткізу-бекетінен өту үшін азаматтар жеке куәлігін алып жүруге міндетті - А. Рысбаев

1057 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастығының орынбасары Айдос Рысбаев бақылау өткізу-бекетінде полиция қызметкерлеріне көрсету үшін қала тұрғындары мен қонақтарына өздерімен бірге міндетті түрде жеке куәлік пен басқа да құжаттарын алып жүруін ескертті.

Бақылау өткізу-бекетінен өту үшін азаматтар жеке куәлігін алып жүруге міндетті - А. Рысбаев

«Көлік кептелісі мен кезекте тұрмас үшін қала тұрғындары мен қонақтарына алдын ала тиісті шаралар қабылдауға кеңес береміз. Блок-бекеттегі полиция қызметкерлеріне көрсету үшін өздеріңізбен бірге міндетті түрде жеке куәлік және басқа да құжаттарыңызды алып жүруді ұсынамыз», деді Айдос Рысбаев.

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласы маңындағы Жібек жолы, Қосшы, Қараөткел, Талапкер, Қоянды кенттерін қоса алғанда барлық бағытта 7 бекет қойылған. Жүк автокөліктері үшін транзитттік жүру елорда маңындағы айналма автожол бойынша қарастырылған.