Аймақтар • 20 Наурыз, 2020

Қызылорда: Полиция департаментінде дезинфекция шаралары күшейтілді

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің осы жылғы 17 наурыздағы №222 бұйрығына сәйкес облыстық полиция департаментінің жеке құрамы қызмет атқарудың ерекше тәртібіне көшті.

Қызылорда: Полиция департаментінде дезинфекция шаралары күшейтілді

Департаментке қарасты ғимараттар  сұйық сабынмен және қолды залалсыздандыруға арналған антисептикалық ертінділермен, арнайы дозатормен қамтамасыз етілді.

Қызметкерлерге бір реттік медициналық бетперделер мен қолғаптар таратылып, оларды күнделікті ауыстырып киюі қадағалануда.  

Барлық ғимараттарға құрамында хлоры  бар препараттармен күніне 3 рет дезинфекция жүргізілуде. Өткізу пункттеріндегі қадағалау шаралары күшейтілді. Әрбір қызметкерге короновирустан сақтану және алдын алу шаралары жөнінде түсіндірме жүргізіліп, парақшалар мен жадынамалар ілінді.