Тергеу барысында алыпсатарлар қаладағы төрт нүктеде медициналық маскаларды ешқандай құжатсыз және бағасын шамадан тыс көтеріп сатқаны анықталды.
Тәртіп сақшылары 1 млн 53 мың 520 масканы тәркілеген. Тауардың жалпы соммасы 191 млн теңгені құрайды. Бүгінде тәркіленген медициналық маскалар қалалық қоғамдық денсаулық басқармасына тапсырылды. Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.