Аймақтар • 20 Наурыз, 2020

Тәртіпке бағынбаған кәсіпкерлер жауапқа тартылады

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, мегаполистегі аумағы 2 мың шаршы метрден асатын барлық сауда үйлері мен сауда ойын сауық орталықтары жабылды. Мұндай шара адамдардың жиналуына жол бермеу үшін қабылданды. Алайда, осы орталықтарда орналасқан супермаркеттер, дәріханалар мен екінші деңгейлі банктер жұмысын жалғастырады.

Тәртіпке бағынбаған кәсіпкерлер жауапқа тартылады

Сондай-ақ, қоғамдық тамақтану орындары, мейрамханалар өз жұмысын тоқтатады. Оларға тек тамақты үйге жеткізіп беру арқылы қызмет көрсетуге рұқсат етіледі. Өз жұмысын сұлулық салондары, спорт залдары, SPA-орталықтары да тоқтатуы тиіс.

Аудан әкімдері мен прокурорлар карантин режимін сақтауды қатаң бақыламақ. Олар бизнес нысандарының енгізілген режим талаптарын орындағанын не орындамағанын тексереді. Жаңа ережелерді елемегендерге әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.