Қазақстан • 20 Наурыз, 2020

Шетел валютасын сату-сатып алудың шекті бағасы белгіленді

839 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Ұлттық Банкі қаржы нарығы қатысушыларының валюталарды сатып алу және сату бағамдары арасында негізсіз жоғары маржаны орнатуына жол бермеу бойынша шұғыл шаралар қабылдады. Бұл туралы Ұлттық Банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Шетел валютасын сату-сатып алудың шекті бағасы белгіленді

«2020 жылғы 19 наурызда «Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының №33 қаулысы қабылданды.

Қаулыда уәкілетті банктердің және уәкілетті ұйымдардың (банктік емес айырбастау пункттері) айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін: 1) АҚШ доллары - 6 теңге; 2) еуро - 7 теңге етіп белгілеу көзделеді.

Бұл шаралар елде төтенше жағдай режимінің қолданылу уақытында («Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығы) іске асады және ішкі валюта нарығына сыртқы факторлардың тұрақсыздандыратын әсерін шектеуге және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге жәрдемдесуге бағытталған», делінген ақпаратта.