Аймақтар • 20 Наурыз, 2020

Өскеменде волонтерлер маскаларды тегін таратты  

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазір өздері де маска тігуді үйреніп алды.

Өскеменде волонтерлер маскаларды тегін таратты   

 Өскеменде «Біздің күшіміз - бірлікте» атты акция басталды. Осы акция аясында Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының волонтерлері өңір тұрғындарына көмек көрсетуде.

мас

Олар медициналық маска әзірлеуші кәсіпкер Тілеужан Сайлауұлының шеберлік сыныбына қатысып, қазір өздері де маска тігуді үйреніп алды. Жұмысқа қажет материалды кәсіпкер қайтарымсыз түрде жастарға беріпті.

м

Волонтерлер дайын маскаларды қала тұрғындарына таратып, оларға денсаулықтарына аса мән беріп, адамдар көп жүретін жерлерге бармауларына кеңес берді. Тұрғындар оларға ризашылықтарын жеткізді.

маск

 «Бүгінгі күні әр адам денсаулығына мұқият қарап, алдын алу шараларына бей-жай қарамау керек. Осы орайда сын сағатта біздің жанымыздан табылып, қолдан келген көмектерін көрсетіп жатқан волонтерлерге алғысымыз шексіз» дейді қала тұрғыны.

ӨСКЕМЕН