Экономика • 20 Наурыз, 2020

Қытайдың екінші ірі банкі Астана биржасында саудаға шығарылды

212 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Astana International Exchange (AIX, Биржа) 2020 жылғы 20 наурызда Қытай құрылыс банкінің Астана филиалының (CCB Astana Branch) Қазақстандағы юаньмен көрсетілген алғашқы облигациялары AIX ресми тізіміне енгізілгенін қуана хабарлады.

Қытайдың екінші ірі банкі Астана биржасында саудаға шығарылды

Листинг бір мезетте Гонконг биржасында жүзеге асырылады. Шығарылым өтеу мерзімі 2022 жылдың наурыз айына белгіленген және жылдық сыйақы мөлшерлемесі 2.95% болатын жалпы сомасы 1 млрд (63 млрд теңгеге жуық) қытайлық юаньмен көрсетілді. Облигациялар тек кәсіби инвесторларға қолжетімді. Түскен қаражат жергілікті инфрақұрылымдық жобалар мен Қазақстандағы «Белдеу және Жол» бастамасының жобаларын қаржыландыруға жұмсалады.

«CCB Astana Branch облигацияларының листингі – «Белдеу және Жол» жаһандық бастамасының аясындағы Қазақстан-Қытай қаржылық ынтымақтастығының маңызды нәтижесі. Бұл АХҚО, Қазақстан және Орталық Азиядағы юаньның есеп айырысу нарығын одан әрі дамытуға ықпал ететін маңызды кезең»,- деді «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетов.

АХҚО 2013 жылы «Белдеу және Жол» бастамасы туралы алғаш рет айтылған Қазақстанда Қытай юаньы үшін өңірлік есеп айырысу орталығы болуды көздейді.

 «AIX юаньмен көрсетілген алғашқы облигацияның AIX-тегі листингін құптайды, ол  AIX-тегі «Белдеу және Жол» сегментінің алғашқы қаржы өнімі болып табылады. Бұл Қазақстан экономикасының дамуына және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ететін «Белдеу және Жол» бастамасының жобаларын қаржыландырудың инновациялық үлгісі»,- деді AIX Басқарма төрағасы Тим Беннетт.

«China Construction Bank Corporation-ның Орталық Азиядағы алғашқы ресми өкілдігі – Астанадағы филиалы екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастық аясында юаньмен алғашқы облигацияны («Falcon» облигациясы) сәтті шығарды. CCB Астана филиалы Қытай Президенті Си Цзиньпиннің және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арасындағы екіжақты келіссөздерінің нәтижесінде қол қойылған Қытай мен Қазақстан арасындағы екіжақты валюталық есеп айырысуларды дамыту қағидаттарын айқындалған коммюнике шеңберінде АХҚО және AIX-пен жұмыс істейтін болады»,- деді China Construction Bank Астана филиалының президенті Ван Сонхуа.

AIX-тің «Белдеу мен Жол» сегменті облигациялар, акциялар мен басқа да өнімдерді қоса алғанда,  бағалы қағаздар листингтен өтіп, юаньмен саудаланатын есеп айырысу орталығының негізгі бөлігі болып табылады. AIX бағалы қағаздарды юаньмен орналастыратын әр түрлі эмитенттер санының артуын күтеді, бұл AIX-тің Орталық Азия елдері үшін юаньмен көрсетілген бағалы қағаздардың листингі мен саудасының негізгі орталығы ретінде қалыптасуына ықпал етеді.

Есеп айырысулар үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің листинг күніндегі ресми бағамы қолданылды.