Мекеменің жеке құрамы сотталғандарға қауіпті індеттің белгілері, таралуы, жеке бас тазалығы ережелері жайында ақпараттық- түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, төтенше жағдайға байланысты сотталғандардың туысқандарымен кездесулеріне тыйым салынып, мекеме аумағындағы өндірістік орындарда жұмыс істейтіндерге шектеу қойылды. Мекеменің медицина бөлімінде коронавирустық инфекцияны жұқтыру күдігі анықталған жағдайда науқасты оқшаулау үшін санитарлық- эпидемиологиялық талаптарға сәйкес инфекциялық изолятор жабдықталған. Бір реттік медициналық маскалар, антисептикалық ертінділермен қамтамасыз етілді.
Қызметкерлер мен сотталғандардың қауіпсіздігі үшін температураны лезде анықтайтын Infrared Thermometer YHW-2 аппараты сатып алынды. Медицина қызметкері осы аппараттың көмегімен бас-аяғы 1 секундта күнделікті таңертең жұмысқа түсетін қызметкерлердің дене температурасын анықтайды.