Қоғам • 20 Наурыз, 2020

Жеке және заңды тұлғалардың кейбір құқықтарына шектеу қойылады - Марат Бекетаев

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдай кезінде жеке және заңды тұлғалардың кейбір құқықтарына шектеу қойылады. Азаматтар мұны түсіністікпен қабылдауы қажет. Бұл туралы Әділет министрі  Марат Бекетаев Орталық коммуникациялар алаңындағы онлайн брифингте айтты.

Жеке және заңды тұлғалардың кейбір құқықтарына шектеу қойылады - Марат Бекетаев

«Президент Жарлығымен Қазақстан бойынша төтенше жағдай  енгізілді. Бұл уақытша шара екенін атап өткім келеді. Ол азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында енгізілді. Екіншіден бұл арнайы құқықтық режим. Жеке және заңды тұлғалардың кейбір құқықтарына шектеу қойылады. Сондай-ақ қосымша жауапкершіліктер жүктеледі. Азаматтар мұны түсіністікпен қабылдауы қажет», - деді Марат Бекетаев.

Оның айтуынша, төтенше жағдай режимі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді күшейтуге мүмкіндік береді.

«Бұл жағдайда мемлекет жедел, нақты, заңды шешімдер қабылдайтын болады. Мысалы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимі Конституцияға сәйкес инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында енгізілді», - деді ол.