Коронавирус • 20 Наурыз, 2020

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина әзірленуде

487 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық биотехнология орталығы мен Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының мамандары Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеп жатыр. Бұл туралы коронавирусқа қатысты ресми хабар тарататын Coronavirus2020.kz сайтында жарияланды.

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина әзірленуде

Ғалымдар бес түрлі вакцина жасайды. Олардың ішінен клиникалық сынақтарды өткізу үшін ең тиімдісі таңдалады.

«Әлемнің көптеген елдері өз вакцинасын әзірлейтінін жариялады. Алайда мұның бәрі клиникалық зерттеуді қажет етіп, жұмыс бір жылдан кейін аяқталады. Вакцинаны қабылдағанға дейін COVID-19 вирусының таралуының алдын алу қажет. Әйтсе де бұл тек мемлекет қабылдаған шараларға ғана емес, сонымен бірге әр адамға да байланысты. Сондықтан барлық алдын-алу шарасын сақтау қажет» делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Қазақстанда соңғы тәулікте 49 адам коронавирус жұқтырды. Алматы қаласында – 22 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 25 адам, Қарағанды қаласында – 2 науқас тіркелді.