Қазақстан • 20 Наурыз, 2020

Jýsan Bank те өз клиенттеріне қолдау көрсетуге шешім қабылдады

285 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Jýsan Bank Үкіметтің, Ұлттық Банк пен АФР шараларын қолдай отырып, Қазақстанда төтенше жағдайдың енгізілуі нәтижесінде қаржылық жағдайы нашарлаған клиенттерге көмектесуге бағытталған бірқатар бастамаларды дайындады.

Jýsan Bank те өз клиенттеріне қолдау көрсетуге шешім қабылдады

Ағымдағы жылдың 18 наурызына дейін несие алған барлық жеке тұлғаларға, шағын және орта бизнес субъектілеріне қолданылатын осы бастамалардың аясында және ағымдағы жылдың 16 наурызындағы жағдай бойынша уақыты өткен тұтынушылық қарыздар болмады, соған байланысты төмендегідей ұсыныстар әзірленді.

Жеке тұлғалар үшін:

1.Тұтынушылық несиелер бойынша негізгі қарыз және мерзімінен бұрын төленген төлемдер бойынша өсімпұлдар мен сыйақылардың күшін жою. Бұл шараны банк дербес, клиенттердің филиалдарға баруын қажет етпей жүзеге асырады;

2.Қарыз алушының өтініші мен растайтын құжаттарды жекеше ұсыну негізінде, банк негізгі қарыз бен сыйақы бойынша 60 күнге дейінгі мерзімі өткен төлемдерді ұсына алады: кейіннен төлемдерді қайта есептеу арқылы кепілзат несиелер үшін, кепілдіксіз несиелер үшін банктік қарыз шартының мерзімін ұзарту.

Жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес үшін:

1.Қарыз алушының өтініші арқылы жеке қарастыру негізінде банк негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдерді кейіннен қайта есептей отырып 90 күнге дейін кейінге қалдыруды ұсына алады;

2.Төтенше жағдай кезінде кідіріс туындаған жағдайда, қарыз алушының өтініші негізінде, негізгі қарыз бен сыйақы бойынша уақтылы төлемегені үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар ескерілмей тоқтатылады.

Карантиндік шараларды сақтау және вирустың таралуын одан әрі болдырмау үшін өтініш электронды пошта, мобильді қосымша немесе байланыс арналары арқылы берілуі мүмкін. Қашықтан қызмет көрсету арналары арқылы айналым мүмкіндігі болмаған жағдайда, өтініштерді банктік филиалдар арқылы, оның ішінде мамандандырылған жәшіктер арқылы беру қарастырылған.

«Біз Jýsan Bank клиенттерінің қиын уақытта біздің көмекке әрқашан сенімді болуын қалаймыз. Қазір бізде 7711 нөмірінде арнайы жедел желі ашылды, онда барлық клиенттер тәулік бойы консультация ала алады. Сондай-ақ, 65 жастан асқан адамдарға үйден шықпай қауіпсіз банк қызметтерін алу бойынша бірқатар шараларды дайындап жатырмыз», - деді Jýsan Bank басқарма төрағасы Айбек Қайып.

Төтенше жағдайдағы банктің жұмысына және жоғарыда аталған бастамаларға қатысты барлық өтініштерді [email protected] электронды поштасына жіберуге болады.

 

АЛМАТЫ