Руханият • 21 Наурыз, 2020

Ел несібесі еселенсін

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бабаларымыздың тасқа қашап жазған сөз­дерінің бірі «Тізеліні бүк­тірдік, бастыны жүгін­дірдік» еді. Осы жалғыз ауыз сөзден көк түрік­тердің рухының биіктігі көрінеді. Сол көк түріктер біздің бабаларымыз емес пе? Әрине одан бергі мың жылдан аса уа­қыт­та кәрі тарихтың беті шым-шытырық, иыр-қиыр жазуларға толды.

Ел несібесі еселенсін

Халқымыз да талай тағдырлы оқиғаларды бастан кешіп, осы күнге жетті. Тіпті осы соңғы бір ғасырдағы оқиғалардың өзін салыстыра айтқанда нәубеттің, ақтаңдақтардың таразысы ауыр екен. Сондықтан ең алдымен еліміз­дің тәуелсіздігіне шүкіршілік айтамыз. Тәуел­сіздіктің отыз жылында талай істер атқарылды. Қазір енді қоғамымыз өзгеріс­тің қарсаңында тұр. Отыз жылда бір буын өзгереді. Сол өзгеріс келді. Біз қандай да бір өзгерістерден жақсылық күтетін халық­пыз. Өзгерістер жақсы жағына қарай болса екен деп тілеймін!

Дәл қазіргі жағ­дайда ел басына біраз ауыртпа­лық­­тар түсіп тұр. Мұн­дай­­­­да қазақ «көппен көр­ген ұлы той» дейді. Са­быр­­лылық танытып, әрқайсысымыз жауап­кершілік алсақ, бұл нәубеттен де құтылармыз. Бастысы, еліміз аман болып, халқымыз жан тыныштығын қайта тапса екен. Табиғаттың жаңарып, түлеп жатқан әдемі кезеңіндегі ең ұлы мереке – Наурыз мейрамымен бірге әр­бір шаңыраққа қуаныш, бақыт, береке бір-бі­рін жетелей кірсін!  Ұлыс оң болсын, елі­міздің ырыс-несібесі мол болсын!

 

Әнес Сарай,

жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты