Президент • 21 Наурыз, 2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Наурыз мейрамымен құттықтауы

377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрметті отандастар!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құт­тықтаймын! Әз Наурыз – жаңашылдық пен жасампаз рухтың жаршысы. Осы күндері Жер-ана қайта түлеп, тіршілік атаулы түгел жан­данады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Наурыз мейрамымен құттықтауы

Тағылымы мол бұл мереке – жаңару мен жаңғырудың, адам мен табиғат ара­сындағы үндестіктің, келісім мен татулық­тың алтын арқауы.

Халқымыз қашанда жыл басын ізгі ниетпен, үкілі үмітпен, ақжарма тілекпен қарсы алады.

Ұлыстың ұлы күнінде ұр­пақтар са­бақтастығы, достық қа­рым-қатынастар мен қонақ­жайлылық салты дәріптеледі. Сон­дай-ақ тереңнен тамыр тартатын құн­ды­­лық­тарымыз, үлкенге құр­мет, кішіге ізет көр­сету дәстүрі ерекше салтанат құрады.

Наурыз – ұлтына, дініне қара­мастан, барша жұртты ұйыс­тыратын жалпыұлттық мейрам. Бұл мереке халқымызды бере­ке-бірлік пен ортақ мүддеге жұ­мылдырады. Біз әрдайым қиын сәтте бір-бірімізге қол­ұшын созып, қолдау көрсетуге дайынбыз.

Өкінішке қарай биыл Наурыз мейрамы әдеттен тыс жағдайға тұспа-тұс келіп отыр. Пандемияға айналған коронавирустың кеңі­нен таралуы жаһандық экономикамен қатар, біздің елімізге де айтарлықтай зардабын тигізуде. Бүкіл әлем күрделі сынақты бастан өткеруде.

Осыған орай менің Жарлы­ғыммен 2020 жылғы 16 наурыздан бастап Қазақ­стан аума­ғында төтенше жағдай енгі­зіл­ді. Мемлекеттік комиссия құ­­рылып, аза­мат­­тарымыздың ден­­саулығын қорғау және елі­­­міздегі экономикалық ахуалды тұрақ­­тан­­дыру үшін нақты шаралар қолға алынды. Біз ырыс-ынтымағымыздың арқасында бұл қиын-қыстау ке­зеңнен де сүрінбей өтеміз деп сенемін.

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және толайым табыс тілей­мін!

Әз Наурыз әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш әкелсін!

Ұлыс оң, ақ мол болсын!

 

Соңғы жаңалықтар