Қазақстан • 21 Наурыз, 2020

Елордаға кіру және шығу жолдары жабылады

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті COVID-2019 вирусының жаппай таралуын алдын алу және жолын кесу мақсатында барлық қажетті шараларды қолға алуда.

Елордаға кіру және шығу жолдары жабылады

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында жеке құрам қызмет атқарудың ерекше режиміне ауыстырылды. Полиция департаменті 22 наурызда сағат 00:00-де елорданың барлық кіру және шығу жолдары жабық болады деп ескертіп отыр. Қала тұрғындары мен қала қонақтарына алдын ала тиісті шаралар қабылдау ұсынылуда.

Бүгінде Елордаға кіре беріске жақын орналасқан Жібек жолы, Қосшы, Қараөткел, Талапкер және Қоянды кенттерін қоса алғанда, 7 блок бекеттері қойылды. Транзитпен өтетін жүк автокөлік құралдары үшін Нұр-Сұлтанға кіру қала айналасындағы айналма автожол арқылы өту көзделген. Полиция қызметкерлері бір-екі минут ішінде планшеттердің көмегімен электрондық база бойынша құжаттарды тексеруде.

Құқық қорғау қызметкерлері тексеру іс-шаралары кезінде түсіністік танытқан автокөлік жүргізушілері мен жолаушыларға алғыс айтуда. Енгізілген шаралар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әрбір тұрғынның және жалпы қала халқының денсаулығын сақтау үшін қажет екені түсіндіріліп отыр.