Қазақстан • 21 Наурыз, 2020

Депутаттар, судьялар мен мемлекеттік қызметшілер декларацияларының тапсыру мерзімі ұзартылды

101 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияны (230.00 нысаны) электронды түрде тапсырған жағдайда, оның мерзімі 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін ұзартылды. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Баспасөз қызметі хабарлады.

Депутаттар, судьялар мен мемлекеттік қызметшілер декларацияларының тапсыру мерзімі ұзартылды

Аталған шара COVID-19 індетінің таралуының алдын алу мақсатында қосымша шектеулерді, профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралардың енгізуі шеңберінде қабылданды. Себебі, декларацияны тапсыру үшін халыққа қызмет көрсету орталықтары (Ұлттық куәландыру орталығының электронды кілтің алу үшін), мемлекеттік кірістер органдарындағы өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары және басқа да (декларация тапсыру үшін, кірістері мен мүлкі және т.б. бойынша мәліметтерді алу үшін) адамдардың жаппай жиналатын орындарына баруға тура келеді. Сондықтан, декларацияны электронды түрде тапсыруға кеңес береміз.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша келесі сілтемелерді пайдалануға кеңес береміз:

https://www.kgd.gov.kz

https://www.facebook.com/kgd.gov.kz

https://www.instagram.com/press_kyzmet_kgd

https://twitter.com/KGD_MF_RK

https://t.me/kgdmfrk

https://dialog.egov.kz/blogs/32783/welcome

Төтенше жағдай кезінде тұрғылықты жері бойынша немесе орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарының байланыс орталықтарының қызметтерін kgd.gov.kz веб-сайтында «Біз туралы»/ «Халықпен жұмыс»/ «Мемлекеттік кірістер органдарының байланыс орталықтарының телефондары» жолын пайдалануға болады.

Сонымен қатар, ҚР ҚМ МКК байланыс орталығына хабарласа аласыз:

WhatsApp:  +7 775 848 67 97

WhatsApp: +7 776 136 41 32

WhatsApp: +7 705 559 12 33

WhatsApp: +7 705 559 12 39

e-mail: [email protected]

https://t.me/KGDMFRK1414