Аймақтар • 21 Наурыз, 2020

Жамбыл облысында блок-бекеттер өз жұмысын бастады

842 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирус індетінің алдын-алу мақсатында Жамбыл облысының аумағында блок-бекеттер өз жұмысын бастады. Оларды орнатудағы негізгі мақсат – халықты ақпараттандыру, азаматтардың қозғалысын бақылау және жолаушылардың дене қызуын өлшеу.

Жамбыл облысында блок-бекеттер өз жұмысын бастады

Жуалы ауданындағы блок-бекеттен күн сайын жүздеген адам өтеді. Олардың дені негізінен Шымкент қаласынан келушілер. Аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, соңғы тәулікте мұнда 590 автокөлік пен 800 адам келген. Әрбір өтетін адамның деректері бойынша сауалнама толтырылып, ал медицина мамандары тепловизорлардың көмегімен олардың дене қызуын анықтайды. Бұл блок-бекетте барлығы 8 полиция қызметкері мен 15 медицина қызметкері жұмыс істейді.

Осындай профилактикалық блок-бекеттер көрші Қырғыз елімен шектесетін Қордай ауданында, еліміздің Қарағанды облысымен шектесетін Мойынқұм ауданында, Түркістан облысымен шектесетін Сарысу ауданында да қойылған. Әрбір пунктте тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, ондаған медицина, полиция және прокуратура қызметкерлері жұмыс атқарады.

Жамбыл облысы