Аймақтар • 21 Наурыз, 2020

Әулиеаталық әлеуметтің қауіпсіздігі қандай?

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінде Жамбыл өңірінде мейлінше сақтық шаралары күшейтіліп, оған тиісті мекемелер жұмылдырылуда. Әсіресе бүгінгідей кезде тұрғындар үшін медициналық масканың қажеттілігі артады. Бұл орайда Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылында орналасқан «Super Pharm» ЖШС фармацевтикалық зауытына барды.

Әулиеаталық әлеуметтің қауіпсіздігі қандай?

Бұл кәсіпорын 2010 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында ашылған. Қазіргі таңда  мұнда 150 адам еңбек етуде. Зауыт жылына 15 миллион медициналық бұйымдар шығарады десек, олардың қатарында бинттер, бахилалар, медициналық халаттар мен маскалар бар. Коронавирус індетіне байланысты кәсіпорын тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшкен. Соның нәтижесінде медициналық маска өндірісі тәулігіне 20 мыңнан 70 мың данаға дейін артып отыр. Кәсіпорын өз өнімдерін Жамбыл облысына және еліміздің басқа да аймақтарына өткізуде. Жақында зауыттың екі жаңа корпусының құрылысы аяқталып, онда медициналық маскалар шығаратын тігін цехы орналасқан.

Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы мен көші-қон қызметі орталығына да барды. Аталған мекеме қызметкерлері қолғаптармен, маскалармен және антисептиктермен қамтамасыз етілген. Арнайы медициналық пункттер ашылған. Карантинге байланысты цифрлық қызмет көрсету орталығының жұмысы уақытша интернет арқылы қызмет ала алады. Қазір мұнда кеңес беру үшін колл-орталық жұмыс істейді, оған күн сайын 500-ден астам қоңырау түсуде.

Сонымен қатар, Бердібек Сапарбаев медициналық пункті ашылған темір жол  бекетінің жұмысын тексерді. Бекетте ақпараттық стендтер ілініп, дезинфекциялау  шаралары орындалуда. Мұнда келуші азаматтардың термометриясы жүргізілуде.

Жамбыл облысы