Қазақстан • 21 Наурыз, 2020

«Самұрық-Қазына» қоры министрлік қызметкерлеріне медициналық маска сатып әпереді

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Министрлік қызметкерлері үшін  «Самұрық-Қазына»  қоры алты миллион медициналық маскаларды сатып алады. Осылайша, Денсаулық сақтау министрлігі, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі, Ішкі істер министрлігі екі миллион маскадан алады. Бұл туралы Премьер-Министр жанындағы дағдарысқа қарсы штаб отырысында Қордың Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов мәлімдеді.

«Самұрық-Қазына» қоры министрлік қызметкерлеріне медициналық маска сатып әпереді

Сонымен қатар, ол жалға берілетін төлемдердің 2020 жылдың маусымына дейін қандай да бір айыппұл санкцияларын есептемей кейінге қалдырылғаны туралы хабарлады. Бұл 2,3 млрд теңге және 37 мыңнан астам адам.

«Бизнестің қиын кезеңінде бұл оларға жақсы қолдау болады», - деді А. Есімов.

Сондай-ақ, ол Қордың қызметкерлері бір күндік жалақысын Елбасының бастамасымен құрылған коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі арнайы қорға аударатынын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар

Тазалыққа жұмылған жұрт

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Сан қырлы қаламгер

Қоғам • Бүгін, 22:20

Жанған хаттан жазу оқыған

Таным • Бүгін, 22:00

«Мона Лиза» көшіріле ме?

Мәдениет • Бүгін, 21:45