Аймақтар • 21 Наурыз, 2020

Блок-бекеттердегі жағдайды баяндады

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қалалық Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев блок-бекеттердің жұмысы жайлы айтып берді.

Блок-бекеттердегі жағдайды баяндады

Мұраталиевтің  сөзінше, әзірге блок-бекеттер арқылы зат алысуға болады. Алматы облысының аумағына кіретін қалаға жақын ауылдардың тұрғындары пост бекеттерге өз өтініштерімен толассыз келіп жатқан көрінеді. Олардың қатарында босану мерзімі жақындаған жүкті әйелдер де бар. Көпшілігі қалалық емханаларда босанамын деп жоспарлағандар. Тәртіп сақшылары мұндай жағдайларға барынша түсіністік танытуға тырысып бағуда.

     – Мәселен мен осы жерде тұрғанда 60 жастағы адам келіп 80 жастағы анасына Талғар қаласына дәрі беруі керектігін айтып өтініш жасады. Бұл дәрілер сол жақтағы дәріханаларда жоқ екен. Мұндай жағдайда әрине, біз түсіністікпен қарап, тауарды беріп жібереміз. Мысалы, ауруханадан шыққан Алматы облысының тұрғындары өтіп жатыр. Яғни, 100 пайыз өткізбейді деген түсінік жоқ. Бекет арқылы өтпек болған әр адамның мәселесін жеке қарауға тырысып жатырмыз», - дейді Жандос Мұраталиев. 

Еске салсақ,  22 наурыздан бастап қалаға кіріп-шығуға мүлде тыйым салынады. Сол уақыттан бастап шаралар күшейтіле түспек.