Үкімет • 21 Наурыз, 2020

А. Мамин Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның үкімет басшыларымен телефон арқылы сөйлесті

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министр Асқар Мамин Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен, Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен, Қырғызстан Республикасының Премьер-Министрі Мухаммедкалый Абылгазиевпен және Тәжікстан Республикасының Премьер-Министрі Кохир Расулзодамен телефон арқылы сөйлесті.

А. Мамин Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның үкімет басшыларымен телефон арқылы сөйлесті

Үкімет басшылары коронавирустың таралуымен күресудегі және халықты COVID-19-дан қорғаудағы өзара іс-қимыл, соның ішінде азаматтарды отанына қайтару мәселелерін талқылады.

Шетел азаматтарының кіріп-шығуы бойынша Қазақстан мен Ресейде әрекет етіп тұрған шектеулерге байланысты Премьер-Министр А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинге ҚР мен РФ аумағы арқылы еліне транзитпен қайтатын қазақстандықтар мен ресейліктер үшін ерекше өзара режим ашуды ұсынды. 

Өзбекстан Премьер-Министрі А. Ариповпен, Қырғызстан Премьер-Министрі М. Абылгазиевпен және Тәжікстан Премьер-Министрі К. Расулзодамен өткен келіссөздерде вегетациялық кезеңдегі су-энергетика саласындағы ынтымақтастықтың, сондай-ақ төтенше жағдай режимі кезінде ҚР мемлекеттік шекарасы арқылы жүк тасымалын қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды.