Қазақстан • 21 Наурыз, 2020

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ендіруге өтпелі кезең ұзартылды

386 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ендіруге өтпелі кезеңнің ұзартылғаны туралы хабарлайды. НҚА жобасында био отыннан басқа тауарларға ТІЖҚ ресімдеудің басталу уақыты – 2020 жылдың 1 шілдесінен басталатыны қарастырылған. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ендіруге өтпелі кезең ұзартылды

2017 жылғы Салық кодексімен тауарларға арналған ілеспе жүкқұжат (ТІЖҚ) рәсімдеудің талаптары бекітілген. Сонымен қатар, ТІЖҚ 2019 жылы 29 желтоқсандағы№1424 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасарының бұйрығымен био отын бойынша – 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап, ТІЖҚ ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесіне (ТІЖҚ бойынша тізбе) енгізілген қалған тауарлар бойынша – 2020 жылғы 1 сәуірден бастап бекітілген.

Сонымен қатар, салық төлеушілердің ТІЖҚ енгізуге өтпелі кезеңді ұзарту қажеттігі туралы өтініштеріне байланысты, cондай-ақ Қазақстан ішінде өз контрагенттерімен, тасымалдаушылармен, Еуразиялық экономикалық одақ жеткізушілерімен өзара қарым-қатынасты қайта құру үшін уақыт кезеңінің қажеттілігін назарға ала отырып, ТІЖҚ көшу бойынша міндет қолданылатын тауарлар тізбесіне өзгерістер енгізу бойынша ҚР ҚМ бұйрығының жобасы дайындалды.

Аталған ҚР ҚМ бұйрық жобасында 2020 жылы 1 шілдеден бастап тауарларға арналған ілеспе құжат рәсімдеудің басталуы белгіленген.

Бұйрық жобасы Legalacts ресурсына орналастырылып, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және де Сараптамалық, Қоғамдық кеңестерге келісуге жіберілген.

МКК бизнес-қауымдастықтан бұйрық жобасы бойынша өз ұстанымдарын ұсынуды жеделдетуді сұрайды.

Ал салық төлеушілер ТІЖҚ енгізуге дайындық іс-шараларын жүргізуді жандандыруы қажет. Әсіресе, салық төлеушілердің есеп жүйелерін ТІЖҚ ресімдеуге техникалық бейімдеу маңызды.

Өз тарапынан Комитет кеңестік көмек көрсету және салық төлеушілерді ТІЖҚ бойынша бизнес-процестерге оқыту мақсатында тестілік ортаны дайындады. Әрбір салық төлеуші Комитеттің порталында «Электрондық шот-фактуралар» бөлімінде орналасқан тестілік стендті тегін пайдалана алады.

Осы бөлімде салық төлеушінің есепке алу жүйелерін пысықтау үшін әзірлеушінің жиынтығы, ТІЖҚ құрылымының Техникалық сипаттамасы, ЭШФ АЖ пайдаланушының нұсқаулығы орналастырылған және ТІЖҚ нысанын қадам-қадам бойынша толтыруды түсіндіретін ақпараттар орналасқан. 

Бұдан басқа, әрбір аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттерінде  ТІЖҚ енгізу бойынша салық төлеушілердің пилоттық топтары құрылуда.