24 Тамыз, 2013

Киевтің «Динамосының» жанкүйерлеріне Қазақстан ұнап қалыпты

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футбол-Болельщики Динамо Киев-2

Киевтің «Динамо» командасының жанкүйерлері Украинаға оралғасын, өз твиттерлеріне «Жолжазба заметкаларын» орналастырып, онда біздің еліміз туралы өте жақсы бағалар беріпті.

«Менің Қазақстанға тағы да барғым келе ме? Неге бармасқа?! Ондағы сапардан жақсы әсерлер қалды – адамдары мейірбан екен, футболды жақсы түсінеді, барынша қызу жанкүйерлік етеді, ал кейбір шекісулерді жақшаның ішіне қыстырып қоя салуға болады», - деп жазады «Динамомания».

Еске түсіре кетейік, Ақтөбеде «Ақтөбе» мен Киевтің «Динамосы» арасындағы ойын 3:2 есебімен украин футболшыларының пайдасына шешілді.

Дамир Қожамқұл.