24 Тамыз, 2013

Англияда қамауға алынған Теңізбаев кепілдікпен босады

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Азамат Тенизбаев-1

Англия жерінде жыныстық қатынас жасау үшін әйелге тиісті деген айып тағылған Қазақстан құрамасының таэквондошысы Азамат Теңізбаев Лондонның аранйы мекемесінде бір ай отырғаннан кейін, құлып астынан кепілдік төлеу арқылы шығарылды. Бұл туралы бүгін Vesti.kz тілшісі хабарлады.

Тамыздың 23-інде аталған іс бойынша қазақстандық спортшыны сот алдында бірінші рет тыңдай жүргізілді. Осы жерде жаңа қорғаушылар Теңізбаев ағылшын тілін білмегендіктен, өз кінәсін мойындау жөніндегі түсіндірмеге қол қойып жіберген дегенді дәлелдеп бере алды. Осыған байланысты заңгерлер

Қазақстандық жігітті кепілдікпен босата тұру туралы ұсыныс берді. Сот ұсынысты қанағаттандырды.

Азамат келесі тыңдауға дейін Лондонға арнайы келген анасы Жазира Тілешовамен бірге тұра тұрады. Ал ендігі тыңдау 5 қыркүйек күні өтеді.

Еске сала кетейік, Азамат Теңізбаевтың басынан кешкен бұл оқиға Қазақстан құрамасы Мексикадан келе жатқан жолда болып еді. Ұшақ жолай Лондонға қонған кезде, 19 жастағы жасөспірімді полицейлер қамауға алды. Сөйтсе, рейстегі жолаушы әйелдердің бірі оның үстінен шағым жаза қойыпты. Ұлыбритания азаматшасының жазуынша, қазақстандық бозбала оған ұшақ үстінде тиіскен көрінеді.

Сұлтан Бозайғыр.