Әлем • 22 Наурыз, 2020

Үндістанда коменданттық сағат енгізілді

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістан үкіметі коронавирустың таралуын шектеу үшін коменданттық сағат режімін енгізді. Ел азаматтары 14 сағат бойы үйден шықпауы тиіс. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Үндістанда коменданттық сағат енгізілді

Үндістанның премьер-министрі  Нарендра Моди ел азаматтарын 01:30-15:00 аралығында үйде отыруға шақырды. Үкімет басшысы бұл шешімді індетпен күресте бүкіл ел үшін шешуші қадам және сынақ деп атап өтті.

«COVID-19 қаупімен күресте күшті соққы болатын коменданттық сағатты енгіздік. Біз қазір қабылдайтын шаралар болашақта бізге көмектеседі», деді премьер-министр.

Бүгінгі таңда Үндістанда 332 науқастың вирус жұқтырғаны анықталды, 4 адам қайтыс болды және 27 адам сауығып кетті.