Аймақтар • 22 Наурыз, 2020

Тараздық полицейлер 50-ге жуық арша көшетін екті

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай Тараз қаласының Полиция басқармасында тәлімгерлер кеңесінің бастамасымен ішкі істер органдарының ардагерлері мен жұмысқа жаңа қабылданған жас мамандар тал отырғызды.

Тараздық полицейлер 50-ге жуық арша көшетін екті

Қала көркін арттыру әрі жастарды еңбекке баулу мақсатында ұйымдастырылған іс-шараны Тараз қаласы Полиция басқармасы Ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы полиция подполковнигі Базархан Қойбақов ашып, полицейлерді жыл басы – Наурыз мерекесімен құттықтады. Әрдайым елдің тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін еңбек етіп жүрген тәртіп сақшыларының жұмысына сәттілік тіледі.

Аталған іс-шара аясында сала ардагерлері мен жас мамандар және олардың тәлімгерлері 50-ге жуық арша талының көшетін отырғызып, көктем мерекесіне орай көне шаһарды көркейтуге өз үлестерін қосты.

жж

 

Жамбыл облысы