Аймақтар • 22 Наурыз, 2020

Алматыда жолаушылар ағыны азайған

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының әкімдігі автопарктер мен метрополитен штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Бұл тұрғындарды еркін тасымалдау үшін қолға алынған. Тек қаларалық және Алматы маңындағы маршруттар ғана карантин кезінде уақытша жұмысын тоқтатты.  

Алматыда жолаушылар ағыны азайған

«Соңғы апта ішінде жолаушылар ағымы 64 пайызға азайды. Алайда алматылықтарды еркін тасымалдау үшін автобустар жоспарлы түрде жолға шығып жүр. Метрополитен жұмысы бойынша қазіргі кезде жолаушылар ағымы 70 пайызға төмендеді. Алайда метро жұмысы штаттық режимде жұмыс жасауда. Депода вагондар толығымен дезинфекциялау жұмыстарын жүргізеді»,  дейді қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев.