Спорт • 22 Наурыз, 2020

Халықаралық регби кеңесі COVID-19 індетіне байланысты мәлімдеме жасады

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық регби кеңесі жаһанды жайлаған COVID-19 індетіне байланысты бірқатар шешім қабылдады деп жазады Olympic.kz.

Халықаралық регби кеңесі COVID-19 індетіне байланысты мәлімдеме жасады

Жарысты қабылдаушы әрі қатысушы мемлекеттермен өткізілген келіссөздерден кейін, төмендегі жайттар анықталды:  Регби-7 спортынан Лондон мен Парижде өтуі тиіс ерлер арасындағы Әлемдік серия ойындары қыркүйекке дейін шегерілді. Ал әйелдер арасындағы турнирдің өткізілу уақыты белгісіз. 

2021-2023 жылдары өтетін әлем кубогіне аймақтық іріктеу турнирлері өтпейтін болды. Регбиден 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы биылғы әлем чемпионаты өткізілмейді. 

Маусым айына жоспарланған Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі кейінге шегеру немесе өткізбеу мәселесі қазір қарастырылуда. Халықаралық регби кеңесі бұл мәселе бойынша Халықаралық Олимпиада комитетімен тығыз байланыста екенін айта кеткен жөн. 

Соңғы жаңалықтар