Аймақтар • 22 Наурыз, 2020

Еліміздің бірнеше облысында ауа-райына байланысты ескерту жарияланды

237 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бірнеше облыста шаңды дауыл күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Еліміздің бірнеше облысында ауа-райына байланысты ескерту жарияланды

Күндіз 23 наурызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.

23 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Түнде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

Қызылорда қаласында 23 наурызда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

23 наурызда Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстікке ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90 %.

23 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында түнде басым бөлігінде қар күтіледі. Кей жерлерде бұрқасын күтіледі. Күндіз кей жерлерде көктайғақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Петропавл қаласында 23 наурызда түнде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

23 наурызда Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстікке ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. Нұр-Сұлтан қаласында 23 наурызда жаяу бұрқасын, түнде және таңертең тұман күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90%.

23-25 наурызда Түркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20, таулы және солтүстік аудандарда екпіні 23-28 м/с күтіледі. Шымкент қаласында 23-25 наурызда солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.
Түркістан қаласында 23-25 наурызда солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %