Аймақтар • 23 Наурыз, 2020

Бөрлі ауданында төтенше жағдайға байланысты тиісті шаралар қабылданды

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының әкімі Миржан Сатқанов Facebook парақшасында жазды.

Бөрлі ауданында төтенше жағдайға байланысты тиісті шаралар қабылданды

«Бүгін «Ақсай» шекара бекетінде болып, мемлекеттік шекарадағы қозғалысты қадағалап, реттеп отырған шекара қызметкерлерімен және тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлерімен кездестім. Елдегі төтенше жағдайға байланысты, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті тапсырмалар мен ұсыныстар берілді» делінген хабарламада.

Сондай-ақ ол мемлекеттік органдар тарапынан қабылданып жатқан шаралармен қатар, тұрғындар да жүктелген жауапкершілікті сезінуі қажет екенін атап өтті.

«Құрметті жерлестер, егер сіздер алыс-жақын шетелдерден немесе коронавирус індеті тіркелген басқа да елді-мекендерден келген болсаңыз, Бөрлі аудандық орталық ауруханасына немесе учаскелік дәрігеріңізге хабарлауыңызды өтінемін. Қазіргі жағдайға түсіністікпен қарап, бір-бірімізге қолдау көрсетейік» деп жазды Миржан Сатқанов.